A place where you need to follow for what happening in world cup

«Қаратау» ТКӨК техникалары жаңаруда

285

Жамбыл облысының өндірісті аймақтарының ішіндегі ең ірісі ол – «Қазфосфат» ЖШС филиалы «Қаратау» тау-кен өңдеу кешені. Кешен 74 жылдық тарихында жан жадыратар өсіп-өркендеу жылдарымен қиын-қыстау жылдарды да қатар өткізді. Еліміз егемендік алғаннан кейін кәсіпорынның жұмысы қайта түзеле бастады. Қазіргі күні дамудың даңғыл жолына түсті.

Қазіргі уақытта «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінде өндірілетін өнім көлемі артуда, тау-кен техникалары жаңартылуда. Яғни, жұмыс та қызады деген сөз. Кеншілер үшін керегі де осы. Соның айқын айғағы өткен жылы бағасы 1.5 млрд теңге болатын 3 бірдей алып экскаватор, 6 БелАЗ, тағы басқа техникалар алынды.

Күні кеше соңғы алынған жаңа ЭКГ-10 экскаваторын жұмысқа қосу жөнінде арнайы салтанатты іс-шара өткізілді. Іс-шараға «Қазфосфат» ЖШС Бас директоры Мұқаш Зұлқарнайұлы Ескендіров және экскаваторды шығарған ресейлік УК «УЗТМ-КАРТЕКС», «ИЗ-КАРТЕКС» компанияларынан және «Казспецснабсервис» ЖШС-нен, «Газпромбанк» АҚ арнайы қонақтар келді.

Қонақтарды өндіріс жағдайымен «Қаратау» ТКӨК-нің директоры Мұратқали Бақыткерейұлы таныстырды. Бұрынғы экскаваторлардан ерекше өзгешеліктері бар, заманауи технологияны пайдалана отырып дайындалған жаңа экскаватордың жұмысқа кірісуін кеншілер қауымы ризалықпен тамашалады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.