«Қазағымның үні сенсің, домбыра» - "Munaranews"
A place where you need to follow for what happening in world cup

«Қазағымның үні сенсің, домбыра»

52

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен Д.А.Қонаев атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен Ұлттық домбыра күніне орай Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында қазақ халқының қасиетті мұрасы – домбыраға арналған «Қазағымның үні сенсің, домбыра» атты мерекелік шара өтті.
Мерекелік кеш барысында күмбірлеген күйлер орындалып, әндер шырқалды. Қатысушыларға домбыраның тарихы мен күй өнерінің маңызы туралы айтылып, кітап көрмесіне шолу жасалды. Сонымен қатар кітапханашылар домбыра тақырыбындағы жыр шумақтарын оқып, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Шара аясында «Күйді таны» атты викториналық ойын ұйымдастырылып, көрермендер күй әлеміндегі білімдерін сынады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.