«В погоне за счастьем» көркем фильмі көрсетілді - "Munaranews"
A place where you need to follow for what happening in world cup

«В погоне за счастьем» көркем фильмі көрсетілді

20

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №67 мекемесінде кәмелеттік жасқа толмағандармен «Побег за счастьем» көркем фильмі көрсетілді.

Іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмағандардың өмірге деген көзқарасын қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерін дамыту, сондай-ақ өмірлік құндылықтар мен дұрыс таңдау жасаудың маңыздылығын түсіндіру.

Фильм барысында қатысушыларға қиын жағдайдан шығу, үміт пен табандылық, сондай-ақ өмірде дұрыс шешім қабылдаудың рөлі көрсетілді. Көрсетілім барысында кейіпкерлердің тағдыры арқылы өмірлік сабақ алуға бағыт берілді.

Кәмелетке толмағандар фильмді қызығушылықпен тамашалап, өз ойларымен бөлісті.

Нәтижесі:
Іс-шара барысында кәмелетке толмағандардың өмірлік құндылықтарға деген көзқарастары қалыптасып, оң ой-пікірлер мен мотивация алуға ықпал етті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.