«Анаға апарар жол» фильмі көрсетілді - "Munaranews"
A place where you need to follow for what happening in world cup

«Анаға апарар жол» фильмі көрсетілді

10

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №67 мекемесінде сотталған азаматтардың рухани-адамгершілік тәрбиесін арттыру, отбасы құндылықтарын насихаттау және патриоттық сезімдерін қалыптастыру мақсатында тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды. Аталған шара барысында сотталған азаматтарға «Анаға апарар жол» көркем фильмі көрсетілді.
Фильмде ананың мейірімі, отбасының қадір-қасиеті, қиын кезеңдердегі адам тағдыры, туған жерге деген сүйіспеншілік пен адалдық секілді маңызды құндылықтар кеңінен көрініс тапқан. Көрсетілім барысында сотталған азаматтар фильм мазмұнына ерекше қызығушылық танытып, кейіпкерлердің тағдырынан өмірлік сабақ алды.
Іс-шара соңында сотталғандар арасында фильмнің тәрбиелік мәні бойынша пікір алмасу ұйымдастырылып, отбасыға құрмет, анаға деген ізет және адамгершілік қасиеттер жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мекеме әкімшілігі алдағы уақытта да сотталған азаматтарды оң жолға бағыттау, олардың рухани дүниесін байыту және мәдени-танымдық деңгейін көтеру мақсатында осындай тәрбиелік іс-шараларды тұрақты түрде өткізуді жалғастырады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.