Шығарма жазу конкурсы өтті - "Munaranews"
A place where you need to follow for what happening in world cup

Шығарма жазу конкурсы өтті

21

Тергеу изоляторында сотталушылар арасында шығарма жазу конкурсы өткізілді.

Аталған іс-шара сотталушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың ой-өрісін кеңейту, сондай-ақ рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Конкурс комиссия мүшелерінің қатысуымен өткізілді.

Байқау барысында қатысушылар әртүрлі тақырыптарда шығармалар ұсынып, өз ойларын еркін жеткізе білді. Қатысушылардың жұмыстары мазмұндылығы, сауаттылығы және тақырыпты ашу деңгейі бойынша қарастырылды.

Бағалау критерийлері әділ қойылып, комиссия шешімі негізінде үздік жұмыстар анықталды. Жеңімпаздар грамоталармен марапатталды.

Аталған іс-шара сотталушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, олардың тұлғалық дамуына оң әсерін тигізіп, шығармашылық белсенділігін арттыруға ықпал етті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.