Сарысу ауданы топырағынан талай талантты тудырған киелі өлке. Әсіресе, ауданнан шыққан адуынды ақындар республикамыздың көлемінде кеңінен танымал. Осыған орай, ауданда жас ақындардың шығармашылығына қолдау көрсету мақсатында түрлі әдеби-мәдени шаралар жиі өтеді.
Соның бірі жуырда ғана аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өтті. «Ана тілім – елдігімнің айғағы» аталған аудандық жазба ақындар жыр мүшайрасы мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, жас жазба ақындарының ана тіліне деген құрметін арттыру, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, тілін, ділін, елін білуге, танытуға, үйренуге шақыру, мәдениетті, әдеби тілде сөйлеуге дағдыландыру, ой- өрісін дамыту, ана тілін құрметтеуге, сүюге, дәріптеуге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өткізілген шараған 9 жас ақын қатысып, бақтарын сынады.
Қара сөзден маржан терген жас ақындар байқауының нәтижесінде Ұ. Сыздықбайұлы ауылынан қатысқан Аружан Көшенова бас жүлдені жеңіп алды. Саудакент ауылынан Баққара Бектөреев 1-орынды иеленді. Жаңатас қаласынан Айнұр Аңламас 2-орынды қанағат тұтты. Ал Ақтоғай ауылының атынан қатысқан Салтанат Айтбекова және Жаңатас қаласынан Сағина Сембекқызы 3-орынды өзара бөлісті.