A place where you need to follow for what happening in world cup

Мереке иелеріне құрмет көрсетілді

452

Халықаралық мүгедектер күні мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек көрсететін қоғамдық бірлестік өкілдеріне, қызмет көрсетушілер мен қызмет алушыларға мерекелік кеш ұйымдастырылды.
Мерекелік шараға Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесов қатысып, ізгі-тілегін білдірді.
– Бүгін — Халықаралық мүгедектер күні. Бұл күннің басты мақсаты – денсаулығына байланысты оқшау қалған азаматтарға қамқорлық таныту, оларға қоғам болып қол ұшын созу, мүгедектігі бар адамдардың қоғам өміріне белсене араласуына жағдай жасау болып табылатыны белгілі. Бүгін осындай сәтте сауапты істі абыроймен атқарып жүрген өздеріңізбен, аяулы жандармен басқосып отырғаныма қуаныштымын.
Мүмкіндігі шектеулі адамдарға деген қамқорлық мемлекетіміздің қастерлі борышы болып қала береді. Осындай ізгі қамқорлықтың нәтижесінде республика аумағында, облысымызда мүгедектігі бар адамдарды оңалту мен бейімдеуге бағытталған кешенді қызметтер көрсетілуде. Мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік жағынан жан-жақты қолдау көрсету барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдар жұмысының басымды бағыты екені сөзсіз. Мерекелеріңіз құтты болсын,-деген Еркін Егембердіұлы алғыс хаттармен марапаттарды табыстады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.