Кітапхана «Ел болып оқимыз» жобасы аясында ақын, Талас ауданының Құрметті азаматы Өкім Жайлауовтың 95 жылдығына орай «САРА СӨЗДІҢ ЗЕРГЕРІ» тақырыбында әдеби компас ұйымдастырды.
Іс-шара барысында Талас өңірінен түлеп ұшқан, өмірі өлеңмен өткен, шығармалары тәрбиеге төгіліп тұратын өнер иесі жайлы зиялы қауым өкілдері, ақынның туыстары Малтабар Жаманбаев, Мамырхан Қонысов, Әбдімажит Абсаттаров және ардагер журналист Болат Жаппаров, жазушы, «AQ JOL» газетінің аға тілшісі Марат Құлибайұлы арнайы келіп, ақынның кемелдікке толы өмірі мен шығармашылығы жайлы сыр шертіп, ыстық естеліктерімен бөлісті.
Сонымен қатар кеште Жамбыл облыстық филармония әншілері Қазақстан Республикасының «Құрмет» марапатының иегері Айна Қалмағанбетова «Сенің бейнең», Жақсылық Тілеубеков «Таласым», Мерей Абуева «Қазақстан аймағы» әндерімен кешті көмкеріп, көпшіліктің құрметіне бөленді.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Келесі жаңалық