A place where you need to follow for what happening in world cup

Жамбыл өңірінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасып жатыр

753

800 мыңнан астам облыс тұрғындары қатысқан көктемде басталған экологиялық акция дәстүрлі түрде күзгі тазалық айлығымен жалғасын табуда.

Акцияға облыс тұрғындары мен жастар да белсене атсалысуда. Облыс орталығы Тараз қаласында Самал мөлтекауданы №12 үйдің тұрғындары «Таза аула» ұранымен өз ауларында тазалық жұмыстарын жүргізді. Экологиялық акцияға қатысушылар шашылып жатқан қалдықтар мен қоқыстарды жинап, арнайы орынға апарып төкті.

«Мемлекет Басшысының батамасымен жүзеге асырылып жатқан акция облыста жүйелі түрде жалғасып келеді. Бүгінгі тазалық жұмыстарына қала тұрғындары да белсене араласуда. Осындай шаралар үздіксіз жүргізілетін болса, қала тұрғындары тазалық жұмыстарын әдетке айналдырады деп ойлаймын. Баршаны туған қаламыздың көркеюіне үлес қосуға шақырамын», — деді сенбілікке қатысушы эко-волонтер Айғаным Арқабек.

Бүгінгі күнге акция аясында 60 тарихи-мәдени ескерткіш, 143 саябақ пен сквер аумағы, 829 шақырым каналдар мен арық жүйесі, 133,2 мың аулалар мен 4,8 мың шақырым көше жолдары тазартылды. 30 085 тонна қоқыс шығарылды. 60 мыңға жуық көшеттер отырғызылды.

Бұл жұмыстарға жалпы 1056 бірлік техника қатысты.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.