A place where you need to follow for what happening in world cup

«Шабытымның асқары, самғау жерім, ауылым…»

1 108

Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен «Шабытымның асқары, самғау жерім, ауылым…» ретро ән-show өтті.

Кешке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Көсемәлі Сәттібайұлы, К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармония әртістері, ҚР Мәдениет саласының үздігі Тілеубеков Жасан Тұрсынбайұлы және Шағырбаев Бақыт Қысатайұлы, ҚР Мәдениет саласының үздігі, әнші композитор Сәрсенбек Бәкір қатысты.
«Кіндігімнің жас қаны тамған жерім — ауылым», — деп келетін «Ауылым» әнін білмейтін қазақ аз шығар. Ауыл әр адамның ата-тегінің бесігі, арқа сүйері, балалық шақтың мекені. Ретро ән кешіне жиналған қонақтарымыз ауылдың рухани өмірі мен тыныс-тіршілігінен тамаша сәттерін еске түсіріп, сағынышқа бай, махаббатқа толы, сырлы балалық шақты еріксіз көз алдына әкелетін ауыл жайлы әндерімен кітапхана оқырмандарын сусындатты.
Ерекше форматта өрбіген кеш қатысушылары әсем әндерді қосыла шырқап, көтеріңкі көңілмен тарқады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.