A place where you need to follow for what happening in world cup

Жамбылдық ардагерлер де саяси науқанда белсенділік танытуда

402
Таңнан бері жалғасын тауып жатқан дауыс беру науқанында тұрғындар қатары сейілмейді, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

№29 сайлау учаскесінің есігінен ене кірген дауыс берушілер жоғары деңгейде атсалысуда.Тыл ардагері Тұрар Қарсабаев та өз дауысын беріп, көпке үлгі болуда.

88 жасқа келген Тұрар ақсақал бейбітшілік пен бірлікте болып, болашағымыздың жарқын болуына үлес қосу азаматтықтың белгісі дейді.

Айта кетейік, Жамбыл облысында референдумға дайындық шаралары аясында бекітілген оқыту кешеніне сәйкес, аумақтық және учаскелік референдум комиссиялары мүшелерінің кәсіби біліктілігі мен құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған  оқыту-семинарлары ұйымдастырылып, онда жалпы саны 3616 комиссия мүшелері оқытылып, тестілеуден өткендігі жөнінде сертификаттарын алды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.