A place where you need to follow for what happening in world cup

Паралимпиада жүлдегері Нұрдаулет Жұмағали жерлестерін дауыс беруге шақырды

371
Токиода өткен жазғы паралимпиада ойындарында жүзуден қола медаль иегері атанған Нұрдаулет Жұмағали №20 дауыс беру учаскесіне арнайы келіп дауыс берді.

Саяси науқанның ел болашағы үшін маңызды екендігіне баса назар аударған паралимпиада ойындарының жүлдегері дауыс берушілерді белсенділік танытуға шақырды.

«Бүгін біз ұлт болашағы үшін таңдау жасаудамыз. Референдум халқымыздың саяси белсенділігін арттырып, азаматтық қоғам құндылықтарын айқындай түседі», деді Нұрдаулет Жұмағали.

Сөз соңында паралимпиада жүлдегері барша жерлестерді таңдау жасауда белсенділік танытуға шақырды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.