Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті №67 мекемесінің жеке құрам қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында түсіндірме сабақтары жүргізіліп, “Жемқорлыққа жол беру – ұрпақтың болашағына балта шабу” тақырыбында бейнеролик көрсетілді.
Қазіргі біздің қоғамдағы өзекті тақырыптардың бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес. Сыбайлас жемқорлықты жүгендеуге қоғам болып ат салысуымыз қажет. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда көптеген әр түрлі шаралар ұйымдастырылып жүзеге асырылып жатыр. Елімізде сыбайластық жемқорлыққа қарсы күресу, алдын алу шаралары заманауи әлеуметтік-экономикалық саясатымен тығыз байланысты жоспарлы түрде қажеттілігіне көз жеткізілді. Жемқорлық-мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының сапасын арттырудың маңызы зор. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылып келеді.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Алдыңғы жаңалық
Келесі жаңалық