A place where you need to follow for what happening in world cup

1,2 млн. теңге шығын келтірген ұрлық ізі суымай ашылды

199

Жамбылда 1,2 миллионнан астам шығын келтірген ұрлық дерегі дер кезінде ашылды,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл аудандық полиция бөліміне 67 жастағы Тараз қаласының тұрғынынан аталған ауданның Бектөбе ауылы Жаңа Жамбыл массивіндегі саяжайында ірі көлемдегі ұрлық дерегі орын алғаны туралы шағым түсті. Белгісіз біреулер пластикалық терезені бұзу арқылы үйге кіріп, бағалы мүліктері мен құрылыс материалдарын ұрлап кеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 1 206 000 теңгені құрайды.

Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде қылмысқа қатысы бар 25-33 жас аралығындағы төрт күдікті азамат ұсталды. Күдіктілер кінәсін толық мойындап, қамаққа алынды. Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі 2 және 3-тармақтарымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жамбыл облысы Полиция департаменті тұрғындарға үйі мен мүліктеріне аса сақ болуды, қараусыз қалдырмауды, сондай-ақ жүйелі күзету қызметтерімен қамтамасыз ету қажеттілігін ескертеді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.