A place where you need to follow for what happening in world cup

«Таза Қазақстан» сенбілік шарасы өткізілді

86

Ағымдағы жылдың 10 шілдесінде облыс әкімі Ербол Шырақпайұлының тапсырмасымен «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Асар» жобасы қолға алынып, Сарысу ауданының орталығы Жаңатас қаласында қатты жауын салдарынан көлбеу ағыннан су алған көшелер (Аяпова, Абай, Құрақбай, Құдайбердиев, Байсейтова, Мәди, Панфилов, Клочкова, Шагиров, Есова, Алтынсарин, Мұратбаев, Жамбыл, Уалиханов, Қажымұқан, Порохова көшелері), аулалар мен қалалық және аудандық маңызы бар тас жолдарға тазалық шаралары мен қалыпқа келтіру жұмыстары басталды.
Аталған тазалық акциясын облыс әкімі Е.Қарашөкеевтің өзі тұрғындар мен еріктілерге үндеу жасап, туған жерді қайта түлетуге атсалысуға шақырды.
Волонтерлардың тазалық акциясы басталған соң, облыс басшысы қатты зардап шеккен үйлер мен жеке секторларды қарап шықты.

Қаладағы Д.Қонаев атындағы орта мектепте сенбілік шарасының ашылу салтанатында облыс әкімі сөз сөйлеп, көлбеу тасқын судан зардап шеккен отбасыларға жан-жақты көмек көрсетілетінін айта келіп, аталмыш акцияға атсалысып жатқан көрші аудандардан келген еріктілерге алғысын білдірді. Мұнан соң аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жанат Жұмаділдаев сөз сөйлеп, ел басына күн туғанда, етігімен су кешкен еріктілердің жұмыстарына сәттілік тілеп, акцияның маңыздылығына тоқталды.
Айта кетейік, бұл игі шараға Тараз қаласы мен көршілес аудандардан келген еріктілер барлығы — 170 адам, Жаңатас қаласының жастары, тұрғындары мен еріктілер — 150 адам жұмылдырылып, тазалық шараларына қажетті 12 техника (водовоз — 4 шт. самосвал камаз — 5 шт. погрузчик — 2 шт. автогрейдер — 1 шт.) тартылған.
Аудандардан келген еріктілер білек сыбана іске кірісіп, зардап шеккен үйлерге көмек көрсетуде.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.