A place where you need to follow for what happening in world cup

Сапалы жол – ел экономикасының күретамыры

827

Ел қазынасынан миллиардтап қаржы бөлінсе де, елімізде жол мәселесі әлі күнге дейін түбегейлі шешімін тапқан жоқ. Ал, жыл сайын көлігіне салық төлеп, жолдардың жөнделуіне өз қалтасынан аз да болса үлес қосатын жүргізушілер қара жолдың сапалы болғандығын қалайтыны белгілі.

Десе де, құзырлы органдар қол қусырып отырған жоқ. Мәселен, жуырда ғана «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» облыстық филиалының бір топ қызметкерлері Т.Рысқұлов, Меркі, Қордай, Шу, Мойынқұм және Талас, Сарысу аудандарына барып, жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен басқосу өткізді. Бұл күндері жолшылар ауыл әкімдерімен де жүздесіп, ведомствалық сараптама бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Бұдан бөлек, басқосуға қатысқан жергілікті атқарушы орган өкілдері өз ой-пікірлерін ортаға салды. Жол саласының мамандары жергілікті атқарушы орган өкілдерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуге қашанда мүдделілік танытатынын атап өтті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.