A place where you need to follow for what happening in world cup

Балаларға спортпен тегін шұғылдануы үшін  қолайлы жағдай жасалуда

1 317

Қазіргі таңда жасөспірімдердің  бос уақытын аулада немесе спорт алаңында емес виртуалды әлемде өткізу көбірек уақыт бөлінуде. Дене белсенділігінің болмауы және отырықшы өмір салты өсіп келе жатқан ағзаға кері әсерін тигізіп қана қоймай, жалпы денсаулықтың бұзылуына әкеледі. Ал спортпен шұғылдану арқылы бала өзін-өзі көрсетуге, өзін-өзі жүзеге асыруға, төзімді және жігерлі болуға тәрбиелейді.  Осыған орай, жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, спорт арқылы жастар мен жасөспірімдер арасында жағымсыз қылықтарға жол бермеу және де бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында спорт басқармасы жаз айларында  спорт мектептерінде іріктеуден өтетін балаларға тегін спортпен шұғылдануы үшін  қолайлы жағдай жасалуда.  Қазіргі таңда, облысымызда әр спорт түрлерінен қамтитын спорт мектептерін ашу қолға алынды. Айта кететін жайт, бүгінгі күні облыста спорттың 85 түрінен 53 спорт мекемесінде 29896 спортшы 1122 жаттықтырушыда жаттығуда. Басқармаға қарасты спорт мекемелеріне тіркелген спортшылардың жарысқа және оқу жаттығу жиындарына барып-келу жолы, тамақтануы және жатын орынмен қамтамасыз етілу шығындары облыстық бюджет есебінен өтеледі.

Сонымен қатар,  Даму бала бағдарламасы аясында 19 спорт түрімен тегін 5874 бала бос уақыттарын дене шынықтыру мен спортқа арнауда. 2023 жылы 10 спорт кешені қолданысқа берілсе, 2024 жылы 15 спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде. Әулие-Ата өңірі, Жамбыл жері талай даңқты саңлақ спортшыларды дайындаған киелі өлке. Даңқты спортшыларымыздың ізін қуатын әліде талай болашақ чемпиондарымыз еліміздің көк байрағын желбіретеді деген сенімдеміз. Қосымша ақпарат бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасына хабарласып, толық ақпарат алсаныздар болады. Байланыс телефоны: 8(7262) 51-71-95.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.