A place where you need to follow for what happening in world cup

Саяси қуғын-сүргін жылдары жайлы фильм көрсетілді

1 545

31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Бұл күн 1997 жылы арнайы жарлықпен бекітілген.

Қазақстанда 125 мыңнан астам адам қуғынға ұшырап, 25 мың адам ату жазасына кесілді. Жазықсыз жазаланғандардың қатарында Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М. Тынышбаев, М. Дулатұлы, Т. Рысқұлов, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, С. Асфендияров сынды қайраткерлер мен ұлт зиялылары бар.

1993 жылы «Жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау» туралы заң қабылданды. Соның нәтижесінде жазықсыз жала жабылғандар ақталды.

Осыған орай Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтарға саяси қуғын-сүргін жылдары жайлы түсірілген «Қанмен жазылған хат» фильмі көрсетілді.

«Қазақстан» ұлттық телеарнасының «Қанмен жазылған хат» фильмнің авторы — Жұрағат Баман, режиссері – Бақыт Найзабеков.

Фильмде саяси-қуғын сүргін құрбандарының ұрпақтары, ғалым-зерттеушілер сол бір зұлмат замандардың шындығын ашады. Сонымен қатар, сол кездердің шынайы бейнесін көз алдыңызға әкелетін сахналандырылған көріністер де әсер етпей қоймайды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.