A place where you need to follow for what happening in world cup

Қарттар үйінінің қызмет көрсету сапасы партия бақылауында

1 734

«AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында Тараз қаласындағы Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталықтарындағы қарт адамдардың өмір сүру барысына қоғамдық рейд ұйымдастырылды.

Партия облыстық филиалы жанынан құрылған арнайы топ алдымен №2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығының жұмысымен танысты. Қазіргі таңда мұнда 130 қарт бар болса, олардың 43 мүмкіндігі шектеулі азаматтар. Орталық тарапынан отбасының қарауынсыз қалған қазыналы қарттарға бар жағдай жасалған. Медицина мамандары уақытылы ем-домдарын жасаса, 4 мезгіл тамағы да беріледі. Бос уақыттарын өткізу үшін арнайы үйірме де жұмыс істейді. Ол жерде қолдан іс келетіндері іс тігіп, шеберлер ою ояды. Сондай-ақ, 6 мыңнан аса кітап қоры бар кітапхана да қарттардың сүйікті орындарына айналған.

Келесі кезекте комиссия мүшелері №1 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығына барды. Орталықта 170 қызмет алушы бар. Оларға 148 маман қызмет көрсетуде. Мұнда да қазыналы қарттар үшін бар жағдай жасалған. Тіпті, шетелдегі балаларымен бейне байланыс арқылы сөйлесулері үшін де арнайы бөлме қарастырылған. Аптасына екі рет монша да жағылып, тазалықтарына дейін мамандардың бақылауында.

Комиссия мүшелері Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталықтарындағы жұмыстармен толықтай танысып, қариялар үшін бар жағдай жасалғанына көз жеткізді. Шынында, орталықтарда барлығы жеткілікті. Жетпейтіні, тек балаларының мейірімі.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.