Теміржол көлігі объектілерінде жарақаттанудың және теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ережелерін бұзуының алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 5-29 ақпаны аралығында Тараз станциясындағы желілік полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, полиция майоры Р.Заппаров қызмет көрсетілетін учаскесінде «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатқанын еске салды:
— Теміржол жолдармен жүруге қатаң тыйым салынады!
— Теміржол бойымен шеткі рельстен бес метр қашықтықта жүруге болады!
— Теміржол жолдары арқылы жаяу жүргіншілер палубасымен жабдықталған жерлерде ғана өтіп, жақындап келе жатқан пойыздың жоқтығына сенімді бола аласыз!
— Жолдан өту кезінде құлаққап пен ұялы телефонды пайдалану ұсынылмайды!
— Тұрған вагондарға көтерілмеңіз, теміржол электрлендірілген, кернеуі 27000 вольт!
Құрметті азаматтар, сіздердің назарларыңызды теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға, сондай-ақ балаларды бақылауды күшейту қажеттілігіне аударамыз!