A place where you need to follow for what happening in world cup

Құмар ойындар құрдымға апарады

400

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің «№ 58 мекеме» Республикалық мемлекеттік мекемесінде ағымдағы жылдың 1-ші ақпанында сағат 11.00-де мекеме қызметкерлерімен «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы құқықтық саясат жөніндегі кеңестің жұмыс жоспарының, Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің психология және теологиялық қызметтерін жетілдіру бойынша және сотталғандарға психологиялық көмек беруді күшейтудің 2022-2024 жылдарға арналған іс-шаралар мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы №142 ө қбпү өкімімен бекітілген ҚАЖ мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудың 2023 – 2025 жылдарға арналған жол картасы» жоспарларын жүзеге асыру мақсатында жасалған меморандум бойынша «Құмар ойындарға тәуелсіздік» (лудомания) – тақырыбында Тараз қаласы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Әлеуметтік психология» кафедрасының аға оқытушылары, психология магистрлері Абдрахманова А.Т. және Минасипова А. Р. аталған мекеме психолог қызметкерлерімен бірлескен іс-шара жүгізілді.
Оқытушылармен қызметкерлерге теориялық мағлұматтар берумен қатар, практикалық түрде ойындар жүргізді. «Коллаж» толтыру арқылы луноманияның қоғамдағы кері әсері толығырақ нақтыланып, қызметккерлер өз ойлары мен түсініктерін толықтырды.

Рита Оспаналиева,
ҚР ІІМ ҚАЖК «№58 мекеме» РММ
САТжӘПЖБ аға инспектор-психологы,
әділет майоры

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.