A place where you need to follow for what happening in world cup

Құмар ойынға тәуелділік, яғни лудомания

925

Құмар ойындарға тәуелділік қазіргі қоғамның жетекші және күрделі мәселелерінің бірі болып табылады, оның негізінде психоәлеуметтік мәселелер жатыр. Құмар ойындарға патологиялық бейімділік жеке адамға, отбасына және қоғамға теріс әсер етеді. Бұл кұмар ойыншының соматикалық және психикалық денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін. Құмар ойыншылардың арасында психикалық саладағы әртүрлі психосоматикалық бұзылулар мен бұзылулардың жоғары жиілігі байқалады, мысалы, аффективті және мазасыздық бұзылыстары, нашақорлық және жеке басының бұзылуы.
Лудомания — науқастардың құмар ойындарға, компьютерлік ойындарға патологиялық тартылуымен сипатталатын тәуелділіктің ең кең таралған түрі. Бұл ойыншының өмірде жүзеге асырылатын қоршаған әсерлер мен оқиғаларға қарамастан ойын процесінде үнемі қатысуын білдіреді. Ойынға тәуелділік кезінде тұлғаның даму процесінде физикалық, рухани және әлеуметтік кұлдырауға әкелетіндігі, адамның әдеттегі әлеуметтік ортасынан алшақтауы байқалады. Сотталғандарды бостандыққа дайындау, әлеуметтік ортаға әлеуметтендіру мақсатында ағымдағы жылдың 25-қаңтарында Жамбыл облысы ҚАЖК №67 мекемесіне М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің аға оқытушы, психология ғылымдарының магистрлары А.Абдрахманова және А.Мінәсипова арнайы шақыртылып мекеменің шаруашылық тобына қалдырылған сотталған азаматтармен «Құмар ойынға тәуелділік» тақырыбында дәріс оқылып, кұмар ойындарға тәуелділіктің алдын-алу мақсатында түрлі психопрофилактикалық тренингтер және жеке әңгіме сұхбат жүргізілді.

№67 мекемесінің
инспектор психологы
әділет аға лейтенанты
А.Е.Аташева

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.