A place where you need to follow for what happening in world cup

Үлестік құрылыс бойынша анықтама

587

Қала прокуратурасы қала аумағында үлестік құрылыс саласындағы заңнама талаптарының сақталуына талдау жүргізді.

Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің ақпаратына сәйкес сол кезде қалааумағында 6 көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілген(«Tulip Rezidence», «Hamilton Park», «Park rezidence», «Баласағұн», «Самал», «Болашак»).

Ал «Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы» КММ-нің ақпаратында тұрғын үй құрылыс  нысандарына заңның талаптарына сай үлескерлердің қаржысын тартуға рұқсат берілмеген.

Алайда «krisha.kz», «Instagram» әлеуметтік сайттарында құрылыс нысандары бойынша көппәтерлі тұрғын үйлерді сату туралы жарнамалар орналастырылған.

1)      https://krisha.kz/complex/show/taraz/tulipresidence

2)      https://krisha.kz/a/show/682052861

3)      https://krisha.kz/a/show/680001884

4)      https://krisha.kz/a/show/682728536

5)      https://krisha.kz/a/show/682266969

6)      https://www.instagram.com/p/Cqx_MrxNKa8/?igshid=MDJmNzVkMjY=

Мысалы: ЖК «Hamilton Park» — 300 пәтерге арналған 4 қабатты тұрғын үй кешені (құрылыс нысаны Қапал батыр көшесі, №62 м.ж. орналасқан), құрылыс салушы «Cordial Construction» ЖШС-і, тұрғын үйдің әрбір шаршы метрі 450 000 теңгеден  сатылады   деп көрсетілген, құрылыс мерзімін аяқтау 2023 жылдың 4 — тоқсаны болып бекітілген.

Осы тектес 1. ЖК «Tulip Rezidence» — Мекенжайы: Тараз қаласы, Жамбыл даңғылы №20/1, 2. ЖК «Баласағұн» — Мекенжайы: Тараз қаласы, Төле би даңғылы №89В, 3.ЖК «Самал» — Мекенжайы: Тараз қаласы, «Самал» мөлтек ауданы№47А,4.ЖК «БИНОМ» — Мекенжайы: Тараз  қаласы, Қаллаур Әкім көшесі №2А,5.ЖК «Комфорт» — Мекенжайы: Тараз қаласы, Рысбек батыр көшесінің бұрылысы№9-№9А құрылыс нысандары бойынша жарнамалар орнастырылған.

ҚР «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңының (бұдан әрі — Заң) үлестік қатысу жөніндегі қызметке байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді  жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебінен көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғын үй құрылысында, сондай-ақ шарт тараптарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау кепілдіктерін белгілейді.

Заңының 6-бабы 6-бөлігіне сәйкес жергілікті атқарушы орган тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

Заңының 7-бабына сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу:

1)      бірыңғай оператордан кепілдік алу;

2)      екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы;

3)      көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тәсілдерінің бірі арқылы ұйымдастырылады.

Уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестікқатысуды ұйымдастыру тәсілдерін өзгертуге жол беріледі. Көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы үшін осы бапта көзделмеген өзге де тәсілдермен жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тартуға тыйым салынады.

Заңның 23-бабында құрылыс салушы және (немесе)  уәкілетті  компания тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар Бірыңғай оператормен кепілдік беру туралы шарт жасалғаннан немесе жергілікті атқарушы орган үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат бергеннен кейін ғана жасалатынд ығын көрсете отырып, көппәтерлі тұрғын үй құрылысы жобасының жарнамасын жүзеге асыруға құқылы. Жарнамада құрылыс салушы және уәкілетті компания туралы ақпарат қамтылуға тиіс.

Үлескерлердің ақшасын тартуды уәкілетті компания облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың  жергілікті атқарушы органының үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаты негізінде жүзеге асырады.

ҚР «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-бөлігі 6-1-тармақшасына сәйкес облыс әкімдігі құзыретiне байланысты объектілер мен кешендердің ведомстволық бағыныстағы аумағында салынуы (реконструкциялануы, кеңейтілуі, жаңғыртылу, күрделi жөнделуі) белгіленген объектілерге мониторингті жүзеге асырады делінген.

Жоғарыда аталған бұзушылықтар бойынша қала прокуратурасының ұсынуымен 3(«Saulet Alem», AYNA GROUP», «Hamilton park» ЖШС)заңды тұлға сотпен ҚР ӘҚБтК-нің 320-бабымен кінәлі деп танылып, әрқайсысы 1 035 000 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл түріндегі жазаға тартылған.

Ұсыну негізінде Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының (бұдан әрі — Басқарма) Ережесіне Заңның 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу объектілерінің құрылысына қатысушылардың қызметін мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады жөнінде өзгертулер енгізілді.

         Сондай-ақ, қала прокуратурасының ұсынуымен әкімшілік жауапкершілікке тартылған «Hamilton Park» ЖШС тұрғын үй кешеніне заңға сәйкес үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсатын алған.

Дегенмен Басқарма тарапынан тұрғын үй салушылармен Заң талаптарының сақталуы бойынша түсіндіру жұмыстары қарқынды деңгейде жүргізілмеуде.

Қала прокуратурасы мониторинг жүргізу барысында жылжымайтын мүлікті сату бойынша «krisha.kz» әлеуметтік сайтында көппәтерлі тұрғын үйлерді сату туралы жарнамалар орналастырылғаны анықталды.

Атап айтқанда, «Тауке хан» тұрғын үй кешенінен (құрылыс нысаны Тауке хан көшесі, №20А мекенжайда орналасқан, құрылыс салушы жеке тұлға О.Б.Тореханов), 2 бөлмелі пәтер 15 600 000 теңге, 3 бөлмелі пәтер 26 000 000 теңгеден сатылады деп көрсетілген, құрылыс мерзімін аяқтау 2023 жылдың 4 — тоқсаны болып бекітілген(скриншоттары қосымша тіркелді).

Осы тектес «Нұрсыйла» тұрғын үй кешенінен (құрылыс нысаны Мәңгілік ел көшесі, №12А мекенжайында орналасқан, құрылыс салушы жеке тұлға А.Ж.Орынбаева) 2 бөлмелі пәтер 20 400 000 теңге, 3 бөлмелі пәтер 31 500 000 теңгеден сатылады деп көрсетілген, құрылыс мерзімін аяқтау 2024 жыл болып бекітілген.

Өз кезегінде, аяқталмаған құрылыс нысандарына салымшылардың қаражаттарын тартып, кейіннен құрылыс соңына дейін аяқталмай, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығына кері әсерін тигізіп, наразылыққа әкеп соғуы мүмкін.

Сонымен қатар, үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсаты жоқ құрылыс нысандары туралы ақпаратты БАҚ көздерінде кеңінен жариялау қажет.

Жоғарыдағылардың негізінде, уәкілетті органдарды қатыстырып, қала аумағындағы көпқабатты тұрғын үй құрылыстарын жүргізуші жеке және заңды тұлғалармен Заңның талаптарын қатаң сақтау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін«Атамекен» кәсіпкерлер палатасында қарау ұсынылады.

Тараз қаласының прокуратурасы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.