A place where you need to follow for what happening in world cup

Таразда волонтёр жастардың қалалық форумы өтті

387

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2020 жыл Волонтер жылы деп жарияу туралы жарлыққа қол қойған еді.

«Мен еліміздің әрбір өңіріне волонтер болуға ниетті азаматтардың көп екеніне сенімдімін. Үкімет оларға қолдау көрсету үшін нақты шараларды қабылдайды. Біз оған зор мән береміз. Алайда Еріктілер жылы кезекті науқан емес. Осыны халыққа түсіндіруіміз керек» деген еді мемлекет басшысы өз сөзінде.

Осыған орай, Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде «Волонтерлық – әлеуметтік жастар лифті» атты жас волонтерлер форумы өткізілді.

Іс-шараға «Әзіл әлемі» театрының актері Жаналиев Арман, үкіметтік емес ұйымдар мен жастар қоғамдық бірлестіктерінің мүшелері, жоғарғы және арнаулы оқу орындарының студенттері және волонтерлар, барлығы 200-ге жуық жастар қатысты.

Форум барысында Арман Жаналиев волонтер жастарға құттықтап жылы лебіздерін білдіріп, Волонтерлер жылы аясында 7 бағыт бойынша жасақталған 7 топтың жетекшілерін арнайы алғыс хат пен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сонымен қатар, 10-17 ақпан аралығында Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай «Әл-Фараби – Шығыстың ғұлама ғалымы» атты эссе байқауы жарияланған болатын. Эссе байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаз деп танылған жеңімпаздар марапатталды.

Атап айтсақ, І – орын иегері №39 мектеп гимназиясының оқушысы Мадиярбек Диляра марапатталды, ІІ – орын иегері Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Мырзабек Назерке марапатталса, ІІІ — орын иегері Жамбыл инновациялық колледжінің студенті Мирзабекова Адинаға Тараз «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директор міндетін уақытша атқарушы Абзал Есенұлы Есіркепов табыстады.

Форум соңы облысымызға танымал жұлдыздардың қатысуымен мерекелік концертке ұласты.

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.