A place where you need to follow for what happening in world cup

Қордайлықтардың 2 мыңнан астам құжаты қалпына келтірілді

190

Зардап шеккен қордайлықтардың екі мыңнан астам құжаты қалпына келтірілді,-деп хабарлайды Polisia. kz.
Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде көптеген тұрғынның құжаттары жоғалып, өртеніп кетті. Осыған байланысты, оқиға орнына Жамбыл облысы Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасының бес қызметкерінен мобильді топ құрылып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының өкілдері, Қордай ауданы әкімінің АХАЖ бөлімі және Жер кадастры мен жылжымайтын мүлікті тіркеу бөлімінің қызметкерлерімен бірге жоғалған құжаттарды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді.
2020 жылдың 8 ақпанынан бастап бүгінге дейін мобильді топпен жергілікті тұрғындарға 2080 қызмет түрі көрсетілді. Оның ішінде
57 жеке куәлік және Қазақстан Республикасының бір төлқұжаты, 31 баланың туу туралы куәлігі, бес неке қию туралы куәлік, 17 жылжымайтын мүлік құжаттары қалпына келтірілді. Сонымен қатар,
көші-қон қызметкерлерімен кәмелетке толмаған балаларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өту үшін 1970 жазба шығарылды.
— Осындай қиын жағдайда біз зардап шеккендерге заң аясында әрекет ете отырып, тұрғындарға толық көмек көрсетуге тырыстық. Біздің қызметкерлер өздеріне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен орындады, — дейді Жамбыл облысы Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Арман Тұрдалиев.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.