2020 жылдың 21 ақпанында облыс орталығындағы ломбардтардың біріне 40-қа жуық тұрғын жиналып, салынған қаражаттары, автокөліктер мен жылжымайтын мүліктерін қайтаруды талап етті.
Аталған дерекке қатысты Тараз қаласы Полиция басқармасы 1-полиция бөлімімен Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Жамбыл облысы Полиция департаменті тұрғындарға аса сақ болуды, бөтен адамдарға сенбеуді, шетелдегі немесе басқа да белгісіз есепшоттарға ақша аудармауды, коммерциялық интернет-сайттардың жұмыс істеу мерзімі мен оған жазылған пікірлерді мұқият зерделеуді, ломбард орындарына құнды дүниелер мен жылжымайтын мүліктерді өткізерде келісімшартпен толық танысуды, алдын ала сақтандыру жасатуды, несие және құжаттарды рәсімдеу барысында барлық күмән тудыратын әрекеттерді байқаған жағдайда бірден құқық қорғау органдарына хабарласу керектігін ескертеді.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі