A place where you need to follow for what happening in world cup

Жамбылдық полицейлер интернет-алаяқтарды ұстады

392

Жамбыл облысы Криминалдық полиция басқармасы қызметкерлерімен іс-шараның алғашқы үш күндігінде 5 алаяқтық дерегі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 17 ақпанынан бастап Жамбыл облысы аумағында интернет-алаяқтықтың алдын алу және анықтау мақсатында «Контрафакт» жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілуде. Жамбыл облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы қызметкерлерімен іс-шараның алғашқы үш күндігінде 5 алаяқтық дерегі анықталды.

Іс-шара барысында, ақпараттық-коммуникациялық құралдарды пайдалану арқылы жеке мәліметтері мен есепшоттарын қолдана отырып «ФинКап» интернет-қосымшасында 39 жастағы Тараз қаласы тұрғынының атына алаяқтық жолмен 120 000 теңге көлемінде несие рәсімдеген 26 жастағы облыс орталығының тұрғыны анықталды. Сонымен қатар, 33 жастағы Тараз қаласының тұрғыны да «Тенго» интернет-қосымшасы арқылы несие рәсімдетемін деп 40 000 теңгеге алданып қалған. Полиция қызметкерлері аталған іске қатысы бар деген күдікпен 29 жастағы Тараз қаласының тұрғынын ұстады.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлерімен «Instagram» әлеуметтік желісінде оқырман саны көп аккаунт парақшасын сатамын деп 31 жастағы Тараз қаласының тұрғынының 40 000 теңге ақшасын алаяқтық жолымен иемденген 22 жастағы күдікті анықталды.

Жоғарыда аталған күдіктілердің барлығы кінәларын толық мойындап, тәркіленген ақшалай айғақ заттар иелеріне қайтарылды. Қазіргі уақытта 3 күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі 4-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жамбыл облысы Полиция департаменті тұрғындарға аса сақ болуды, бөтен адамдарға сенбеуді, шетелдегі немесе басқа да белгісіз есепшоттарға ақша аудармауды, коммерциялық интернет-сайттардың жұмыс істеу мерзімі мен оған жазылған пікірлерді мұқият зерделеуді, несие және құжаттарды рәсімдеу барысында барлық күмән тудыратын әрекеттерді байқаған жағдайда бірден құқық қорғау органдарына хабарласу керектігін ескертеді.

Polisia.kz

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.