A place where you need to follow for what happening in world cup

Алаяқтар министрдің атынан тұрғындарға хабарласып, ақша сұраған

61

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев көпшілікті алаяқтарға алданбауға шақырды. Оның айтуынша, белгісіз біреулер министрдің атынан жалған ақпарат таратқан деп хабарлады turkystan.kz.

«Достар! Қазір алаяқтардың әртүрлі амал-тәсілдері көбейіп кетті. Әлбетте, кез келген адам олардың арбауына оңай түсіп қалуы мүмкін. Мәселен, кешеден бері кейбір әріптестеріме «менің атымнан» бейтаныс адам хабарласып, басшылық қызметке тағайындау бойынша ұсыныс жасап, аталған ұсыныстан бас тартқан жағдайда және белгілі бір сома бермесе істеп жүрген жұмысынан шығарылатынын алға тартқан. Сонымен қатар алаяқтар басшылық лауазымға тағайындау үрдісі көп уақытты талап ететінін ескертіп, жедел жауап беруді сұраған», – деп жазады Қайырбек Өскенбаев Telegram арнасында.

Министр барынша сақ болуға шақырды.

«Басшылық лауазымдарға тағайындау қоңырау шалу арқылы емес, алдымен конкурстық іріктеу негізінде, одан кейін тиісті уәкілетті органдармен келісу бойынша жүзеге асырылатынын ерекше атап өткім келеді. Егер сіз осындай жағдайға тап болсаңыз, маған жеке хабарлама жолдауларыңызға болады немесе Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз хатшысына хабарласа аласыз», – деді министр.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.