Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің Жамбыл облысы Қордай ауданында көз жұмған шекара қызметі офицеріне қатысты тексеру жүргізеді деп хабарлады turkystan.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өлімнің алдын ала себебі – миға қан кету.
«27 шілдеде Қордай ауданының орталық аудандық ауруханасында ҰҚК шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкері Азат Үмбетұлының қайтыс болғаны анықталды», – делінген баспасөз хабарламасында.
Аталған факті бойынша ІІМ оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Шекара қызметінің басшылығы мен жеке құрамы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады және қажетті көмек көрсету шараларын қабылдап жатыр.