A place where you need to follow for what happening in world cup

Жосықсыз қызмет белгілері бар ұйымдардың тізімін орналастыру туралы

189

Азаматтардың, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында Агенттік жосықсыз қызмет белгілері бар ұйымдар, оның ішінде іс-әрекеттеріне ҚР азаматтарының ҚНРДА-ға шағымдары келіп түскен ұйымдар бойынша ақпаратты тұрақты негізде жаңартып отырады.

Мұндай компаниялар кепілдік берілген жоғары кірістітөлеуге уәде бере отырып, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ақшасын тартумен айналысады.

Тізім жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен шағымдарын қарау, мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттары болып табылатын қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл негізінде қалыптастырылған. Қазіргі уақытта тізімге 154 субъект кіреді.

Тізімдегі субъектілердің қызметі қаржылық лицензия беру және реттеу аясына кірмейді. Тиісінше,клиенттердіңоларға көрсетілетін қаржылық қызметтер бойынша құқықтары заңнамалық тұрғыдан қорғалмаған. Осыған байланысты, Агенттіктің тізімінде көрсетілген тұлғалармен қаржылық операциялар жасаған кезде Қазақстан Республикасының азаматтары үшін салынған қаражаттан айырылу тәуекелі жоғары.

Тізімді жариялау қолданыстағы алаяқтық схемалар мен жалған активтер туралы халықтың хабардар болуын арттыруға, осындай компанияларға қаражат салунәтижесінде шығынға ұшырау тәуекелінің жоғары екендігі туралы тұтынушыларға уақтылы ескертуге, осылайша алданып қалу ықтималдығын болдырмауға мүмкіндік береді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.