Бүгін, ағымдағы жылдың 14-шілдесінде Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД-158/1 мекемесіндегі шаруашылық қызмет тобына қалдырылған сотталғандармен психологиялық бағытта «Мандала» терапиясы өткізілді.
Жалпы, «мандала» сөзі санскрит тілінен аударылғанда «орталық, шеңбер» яғни, адамның ішкі әлемінің символдық көрінісінің рухани мағынасы деген мәнге ие болған. Терапияның мақсаты, адамның ішкі сезімдері мен эмоцияларын сыртқа шығару, көңіл-күйдің бірқалыпты процессін құру, жағымсыз әсерлерден ойларын алаңдату, жан дүниеде болып жатқан дағдарыстан арылту.
«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Ақылың мен еңбегін екі жақтап»,-деп Абай атамыз айтқандай, тағдырдың жазған қиыншылықтарына мойымаған сотталғандар мекемеде еңбек етіп қана қоймай, отбасының асыраушысы, қамқоршысы болып отыр.
Мекеме психологтары сотталғандардың жалпы эмоцияналдық күйін тұрақтандыруға барын салуда. Сотталғандарға «Мандала» терапиясының ең танымал тәсілі сурет салу және оны бояу әдісі таңдалды. Әр сотталған барынша белсене қатысып, өз бойының қорқыныштарын қағаз бетіне түсірді. Терапия соңында сотталғандар өз пікірлерімен бөлісіп, салынған суреттеріндегі нақты ой жөнінде атап өтті. Атап айтқанда, бұл «Мандала» терапиясы сотталғандардың бойыңдағы күйзелісі мен үрей-қорқынышынан арылтып, өзіне деген сенімділік пен күш-жігерді арттыруға үлкен үлесін тигізді деген сенімдемін.
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД-158/1 мекемесінің психологы
Ж.Е. Жолдыбай