A place where you need to follow for what happening in world cup

Жақсылық жасау – әр адамзаттың парызы

1 045

Жақсылық жасау адамзаттың бойындағы ерекше бір қасиет болып табылады. Қазiргi таңда елiмiзде турлi iс-шаралар жасап, қайырымдылық қорлары арқылы қол ұшын созып жатқан iзгi жандар көбейiп келедi. Осы орайда ҚАЖ департаментiне қарасты ЖД-158/1 мекеме бастығының кезекші көмекшiсiнiң орынбасары М.Шынарбековтың бастауымен ауысым қызметкерлерiмен мұқтаж отбасыға көмек қолын созып, азык-түлік пен қаржылай көмек көрсетiлдi. Қызметкерлердiң басты максаты мұқтаж отбасыларға қарайласу қолдан келгенше көмек беру, бір отбасыға болсада куаныш сыйлау. Мейiрiм мен көмек қолын созу-iзгiлiкке бастайтын басты қасиет.Қамкорлықты қажет ететiн жандарға қол ушiн созу арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. Қайырымдылык-iзгi қасиет.Жаны жақсылыққа кұштар жомарт жандар арамызда жетерлік. Қамқорлық жасау,өзіңде барды өзгемен бөлісу. Мекеме қызметкерлерi бұған дейін де көп балалы отбасылар мен ерекше балалары бар отбасыларды да қолдап, қамқорлық көрсетiп келедi. Мұндай іс шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады дегенге сенім мол.

Қ.Аңламасұлы,

КСБ аға инспекторы

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.