A place where you need to follow for what happening in world cup

Ислам тарихы жайында сұхбат өтті

183

Түзеу мекемелесінде жазасын өтеп жатқан азаматтарды қоғамға қайта бейімдеудегі негізгі мақсаттардың бірі – оңалтылатын адамдарға мақсатты, үздіксіз, жеке идеологиялық, алдын алу профилактикалық және әлеуметтік-тәрбиелік ықпал етуді қамтамасыз ету жолымен радикалды көзқарастан арылту. Осыған орай Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/2 мекемесіне облыс әкімдігі Дін проблемаларын зерттеу орталығының бөлім басшысы Әбілхайыр Сабырұлы және орталық инспекторы Абдувахид Бабаханов сотталғандармен теологиялық оңалту жұмыстарын жүргізді. Кездесуді мекеменің теологиялық оналту жұмысын ұйымдастыру тобының инспекторы, әділет аға лейтенанты Жарас Жақсыбекұлы ұйымдастырды.

Кездесу барысында теолог мамандар сотталғандарға дәріс жүргізді. Онда баяндамашы Ислам дінінің тарихы жайында әңгіме қозғай отырып, сан ғасырлар бойы ата-бабамыз ұстанып келген салт-дәстүрімізлеріміз бен әдет-ғұрыптарымыздың түп-тамыры Ислам дінінің шарттарымен біте қайнасып жатқандығын нақты дәлелдермен жеткізіп берді.

Сұхбат барысында өзге тақырыптарда да әңгіме жүргізілді. Сотталған азаматтар әңгіме аясында келтірілген дәлелдерге көңілдері толып, жақсы әсерде отырды. Сұхбат соңында сотталған азаматтар өздерін қызықтырған сауалдарын қоя отырып алдағы уақытта да осындай кездесулердің жиі болып тұруын қалайтындықтарын жеткізді.

Кәмшат Әбдімомынова,

ЖД-158/2 мекемесі босатылатын сотталғандарды еңбекпен және

тұрмыстық орналастыру жөніндегі инспекторы, аға лейтенант 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.