A place where you need to follow for what happening in world cup

Береке бастауы бірлікте!

433

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментiне қарасты ЖД-158/1 мекемесінде шаруашылық жасағына қалдырырлған сотталғандармен «1 мамыр Қазақстан халқымыздың бiрлiгi>> күні мерекесіне орай мәдени спорттық іс-шара ұйымдастырылды.

«Береке бастауы бiрлiк, ел ішi тату тірлік» атты мәдени спорттық іс-шара Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментiне қарасты ЖД-158/1 мекемесінде «1 мамыр Қазақсатан халқының бiрлiгi күнi мерекесіне орай арнайы контингент арасындағы тәрбие жумысы жөнiндегi және әлеуметтік-психологиялық бөлiмшесiнiң қызметкерлерi мекеме бастығымен бекітілген жоспарға сәйкес шаруашылық жасағына қалдырырлған сотталғандармен мәдени спорттық iс-шарасы өткiзiлдi. Бул iс шарада ЖД-158/1 мекемесiндегi шаруашылық жасағына қалдырылған сотталғандар арасында аралас ұлт өкілдерi бар, яғни осы ұлтаралық бiрлiк күнiне сотталғандар iшiнде әр ұлттық тұлғалары өздерiнiң тiлiнде патриоттық өлең шумақтарын және мәдени салт дәстүрлерiн, өз ұлттарының музыкасын жырлап, сол ұлттың тiлiнде мереке күнiн кұттықтап айтып өтті. Сонымен қатар сотталғандар екі топқа бөлініп, яғни қазақтың ұлттық ойыны арқан тарту, қол курес жане волейбол, турникке тартылу және шахмат ойындарынан спорттық жарыс ұйымдастырылды. Аталған iс-шараларға белсендi қатысқан және жарыста жеңiмпаз тобының сотталған азаматтары мекеме бастығының құқығымен <<Алғыс>> жарияланып бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Әр алуан тiрлiкпен,
Әлемде жатыр мыңдап ел.
Айнымас достық бiрлiктiң.
Аймағын көрсең мұнда кел!… — деп Қазақсатан халкын Арнайы контингент арасындағы тәрбие бөлiмiнiң қызметкерлерi құттыктап өттi.

Осылайша ЖД-158/1 мекемесiндегi жазасын өтеп жатқан сотталғандар арасында

1-мамыр бiрлiк күнiн өткiзуде.

ЖД-158/1 мекемесінің арнайы контингент арасындағы тәрбие жұмысы жөнiндегi
әлеуметтік-психологиялық бөлімшесінің инспекторы әдiлет аға лейтенанты М.Н. Мыркалиева.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.