A place where you need to follow for what happening in world cup

Денсаулық жағдайына байланысты бостандыққа шықты

640

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінде жазасын өтеп келген сотталған Шалқар Алибаев денсаулығының нашарлауына байланысты бостандыққа шығарылды.Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 75 бабына және ҚР ІІМ 19.08.2014 жылғы №530 бұйрығына  сәйкес Ш. Алибаевтың сырқаты жазаны өтеуден босатуға негіз болып табылатын аурулар тізбесіне енетін болғандықтан оны босату туралы шешім қабылданған.

– Жазасын өтеуші Ш. Алибаевтың денсаулығы сыр беруіне байланысты медициналық сараптама алынып, сотқа материалдары жолданған. Сараптама нәтижесіне сай сот оны жазасын өтеуден босатуға қолдау білдірді. Бүгінгі таңда барлық құжаттары түгел толтырылып, азамат бостандыққа шықты, – дейді мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, әділет подполковнигі Әміржан Дәулетқұлов.

2021 жылдың қазан айында Шалқар Алибаев мекемеге жеткізілген кезде жүргізілген тексеру барысында оның денесінің сарғайғаны байқалған. Осыған сәйкес оның денсаулығын толық тексерістен өткізіп, мекеме оның І топтағы мүгедектік алуға жәрдем берілген.

Өз кезегінде Шалқар Алибаев пен туыстары мекемеде жазасын өтеу барысында денсаулығындағы ақауды емдеп, барынша қолдау көрсеткен мекеме басшылығы мен медицина бөлімінің қызметкерлеріне алғыстарын жеткізді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.