A place where you need to follow for what happening in world cup

14 жыл бұрын жоғалған қазақстандық журналистің өлімі бойынша қылмыс ашылды: «Заңдағы ұры» Серік Голова кінәсін мойындады

731

Қазақстанда қылмыстық топ құрғаны үшін сотталған қылмыс серкесі Серік Жаманаев екі адамды өлтіргенін мойындады. Қылмыстық ортада “заңдағы ұры” ретінде танымал “Серік Голова” журналист Оралғайша Омаршанованы 2007 жылы өлтіргенін абақтыда айтты. Бұған оның дінге келуі және ауыр дерті себеп болса керек, деп хабарлайды Время басылымына сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Время” басылымның мәліметінше, Жаманаев Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) жүргізген жедел іс-шаралар кешені аясында өз кінәсін мойындаған.

Сондай-ақ оның әйелі мен адвокаты қылмысын мойындауды сұраған екен. Қарақшы «Заң және әділеттілік» газеті журналисінің денесін жасырған орынды дәл көрсетіп берген. Сонымен қатар ол тағы бір қылмыстағы бәсекелесін өлтіргені туралы айтып, оның жерленген жерін көрсетті.

Тергеу изоляторында отырғанда оған соңғы деңгейдегі бауыр қатерлі ісігі диагнозы қойылғаннан кейін ол дінге бет бұрған. Басылымның мәліметінше, осылайша, ол күнәларынан арылып, тәубеге келуді ниет етсе керек.

Жаманаев 1996 жылы Сочиде “заңдағы қарақшы” Сергей Михайловтың (Михась) қолдауымен атағы артқан. Ол КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстанда өз атағын шығарған алғашқы қылмыскер болды. Ол “өткір ақылы” үшін “Серік Голова” деген лақап атын алған дейді.

2021 жылғы 18 қаңтарда Алматы соты оны «Башка» ОПГ (Қазақстанда ұйымдасқан қылмыстық топ) құрғаны үшін 19 жылға соттады.

Ал журналист Оралғайша Омаршанова 2007 жылы 30 наурызда Алматыда жоғалып кеткен. Куәгерлер сол күні ол белгісіз қара көлікке отырғанын көрген. Тілші Жезқазғандағы бандиттік топтарды зерттеумен айналысып жүрген.

Аман болғанда Оралғайша Омаршанова биыл 56 жасқа толар еді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.