A place where you need to follow for what happening in world cup

Тұлғаларды жұмыссыз ретінде тіркеу қалай жүргізіледі?

190

Жұмыс істеп жүріп, кейде жұмыстан қысқарып немесе жұмыстан шығып қалатын кездер болады. Осындай кезде жұмыссыз ретінде тіркеліп қойсаңыз тез арада жұмыс қарастырып біліміңіз бойынша жұмыс тауып беру мүмкіндігі болады. Ол үшін электрондық үкімет порталынды қызметті онлайн алу үшін:
Порталда авторизациядан өтіп «Онлайн сұратым» батырмасын басыңыз.
Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен).
Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Онлайн өтініш беру «қандас» мәртебесі бар адамдар үшін қол жетімді емес екенін ескертеміз.
Егер онлайн ала-алмайтын жағдай болса тікелей жергілікті жұмыспен қамту орталығына барып тіркелу мүмкіндігі бар. Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):
Өтініш.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).
Еңбек қызметін растайтын құжат (бар болса).
Білімі, біліктілігі, арнайы білімінің болуы немесе кәсіптік дайындығы туралы құжат (бар болса).
Онлайн болу оңай, тек қарапайым сұрақтарға жауап беріп, бекітілген нұсқама арқылы жасайтын болсаңыз бәрі қол жетімді.

А. Искаков,
Халыққа қызмет көрсету бойынша 
Тараз қалалық №2 бөлім басшысының орынбасары 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.