A place where you need to follow for what happening in world cup

Субсидияның да сұрауы бар

605

Байзақ ауданының әкімдігінде аудан тұрғындарымен кездесу өтті. Кездесуге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Б.Ниязов және департаменттің Превенция басқармасының басшысы Д.Омаров; Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Б.Сағынбеков; Байзақ ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Н.Ақжолов; кәсіпкерлер Палатасының Байзақ аудандық филиалының директоры Н.Джаманкулов; «Nur Otan», «Ауыл» партияларының өкілдері, фермерлер, ауыл шаруашылығы өндірушілері, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында ауданда агроөнеркәсіп саласында атқарылған жұмыстар, кәсіпкерлер Палатасы тарапынан жеткен жетістіктер туралы кеңінен баяндалып өтті.
Өз кезегінде департаменттің Превенция басқармасының басшысы Д.Омаров кездесу барысында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес агроөнеркәсіптік кешендегі субсидиялау саласына жүргізілген ауқымды талдау нәтижесінде анықталған кемшіліктер, фермерлерді алаяқтық жолмен алдау фактілері туралы кеңінен баяндап, кәсіпкерлерді қол сұғушылықтан сақтау, әр түрлі алаяқтық жолмен субсидия алудан қорғау жолдары туралы және субсидия алудың тәсілдері бойынша кеңінен ақпараттандыру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.