A place where you need to follow for what happening in world cup

Қоғамдық қауіпсіздік – басты назарда

374

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы» мерекесі қарсаңында Тараз қаласының орталық алаңында Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Жанат Сүлейменов күн сайын қоғамдық тәртіпті сақтау қызметіне түсетін полицияның кешенді күштерінің гарнизондық жиынын өткізді.

Гарнизондық жиынға Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қатысып, тәртіп пен заңдылықтың сақталуындағы полиция қызметкерлерінің маңызды рөлін атап өтті. Сондай-ақ, өңірдегі қылмыс деңгейінің төмендегеніне тоқталып, Полиция департаментінің жұмысына оң баға берді. Ол ПД жеке құрамына азаматтардың тыныштығын қорғап жүргені үшін алғысын білдірді.

Іс-шара барысында жеке құрамға құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау бойынша негізгі міндеттер мен нақты тапсырмалар қойылды. Сонымен қатар, қоғамдық тәртіпті сақтауға кірісетін полиция қызметкерлері облыстағы жедел жағдай мен қылмыстық ахуал туралы хабардар етілді.

Жанат Қуанышұлы тәртіп сақшыларына азаматтармен қарым-қатынас кезінде ұстамды және сыпайы болу қажеттігін еске салып, халықпен барынша тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасауға бағытталған «полицияның сервистік моделіне» баса назар аударды.
Облыстық Полиция департаментінің бастығы тәртіп сақшыларының қызмет атқаруға дайындығын, нысанды киімдері мен сырт бейнесін, қызметтік автокөліктердің техникалық жай-күйін, олардың апаттық-құтқару құралдарымен жабдықталуын тексерді.

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және қызметтік борышын адал атқарғаны үшін 7 учаскелік полиция қызметкерін алғыс хатпен марапаттаса, ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жайдарбек Құттыбаев пен Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Дінмұхамед Қойтөриевке Құрмет грамотасын салтанатты түрде табыс етті.

Жиын соңында полиция қызметкерлері әскери оркестрдің сүйемелдеуі арқылы салтанатты маршпен жүріп өтіп, Тараз қаласының қоғамдық қауіпсіздігі мен құқықтық тәртібін қамтамасыз ету қызметіне кірісті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.