«Тау-Кен Самұрық» арқылы геологиялық барлауға 72 млрд теңгеден астам қаржы инвестицияланды — "Munaranews"
A place where you need to follow for what happening in world cup

«Тау-Кен Самұрық» арқылы геологиялық барлауға 72 млрд теңгеден астам қаржы инвестицияланды

Геологиялық барлауға 72 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды, Fortescue және Esan сияқты ірі серіктестермен 21 бірлескен кәсіпорын құрылды. «Тау-Кен Самұрық» ұлттық компаниясының жер қойнауын пайдалану саласындағы реформаларды жүзеге асырудағы рөлі туралы вице-министр Иран Шархан Үкіметтің баспасөз мәслихатында айтты.

Бүгінгі таңда Солтүстік Қатпар және Жоғарғы Қайрақты кен орындарын қоса алғанда, 5 пилоттық жоба жүзеге асырылуда. 2028 жылға қарай қорларды JORC халықаралық стандартына сай есепке қою жоспарлануда.

«Учаскелерді игеруге «Тау-Кен Самұрыққа» басым құқық беруді бекіту жер қойнауын ұтымды пайдалануға мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етеді және саланың инвестициялық тартымдылығын арттырады», — деп атап өтті Иран Шархан.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.