«Заң бәрімізге ортақ» тақырыбында семинар-тренинг өтті — "Munaranews"
A place where you need to follow for what happening in world cup

«Заң бәрімізге ортақ» тақырыбында семинар-тренинг өтті

Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжінде «Тараз – қауіпсіз қала» жобасы аясында «Заң бәрімізге ортақ» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Іс-шараның мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу және заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру.

Семинарға Тараз қалалық мәслихатының депутаты, Тараз қалалық Жастар ресурстық орталығының директоры Азамат Лесбек, Тараз қалалық №2 пробация қызметінің бөлім бастығы, әділет полковнигі Ғалымжан Абдиразақов, сондай-ақ Тараз қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Әліайдар Ниязбек қатысты.

Жиынға 100-ге жуық жас қатысып, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және заң талаптарын сақтау тақырыптарында мазмұнды ақпарат алды. Семинар барысында қатысушылар өз сауалдарын қойып, құқықтық бағыттағы түсіндіру жұмыстарымен танысты.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.