Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (ӘРПК) нормаларына сәйкес, талап қоюды қамтамасыз ету – сот ісін қарау барысында талапкердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қолданылатын уақытша шара.
ӘРПК-нің 153-бабына сәйкес, талап қоюды қамтамасыз ету:
* сот актісін орындауды қиындатуы немесе мүмкін болмай қалу қаупі туған жағдайда;
* талапкердің құқықтарына елеулі зиян келтіру қаупі болғанда;
* не істің әділ қаралуына кедергі келтіру ықтималдығы бар кезде қолданылады.
Заңға сәйкес, талап қоюды қамтамасыз ету мынадай тәсілдер арқылы жүзеге асады:
* жауапкерге белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салу;
* мемлекеттік органның шешімін немесе әрекетін уақытша тоқтата тұру;
* мүлікті бұғаттау немесе пайдалануға шектеу қою;
* заңда көзделген өзге де шаралар.
* Шаралар сот шешімі шыққанға дейін ғана қолданылады;
* Сот оларды тараптардың өтініші бойынша немесе өз бастамасымен қабылдай алады;
* Бұл институт азаматтардың құқықтарын уақытылы қорғаудың кепілі болып табылады.
Әкімшілік сот ісін жүргізуде талап қоюды қамтамасыз ету – әділ сот төрелігін жүзеге асырудың маңызды құралы. Ол талапкердің құқықтарын қорғап қана қоймай, сот актісінің орындалуын да қамтамасыз етеді.
З.Габоева,
Жамбыл облысы бойынша мамандандырылған
ауданаралық әкімшілік сотының судьясы