8 наурыз — халықаралық әйелдер күні. Бұл мерекені атап өтетіндер көп.Мереке қарсаңында ЖАмбыл облысы бойынша ҚАЖД №67 мекемесі бастығы, әділет подполковнигі Н.Н. Даулетханов мекемеде аянбай еңбек еткен ҚАЖ ардагері Сейдуалиева Нурсулу Садуакасовнаны 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтап. Сізді зейнеттік жасқа жетуіңізбен және құрметті еңбек демалысына шығуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Өмір жолында Қылмыстық-атқару жүйесінің дамуына қосқан үлесіңіз зор, күш жігеріңізді Республикада заңдылықпен құқықтық тәртіпті нығайту ісін, қылмысқа қарсы күреске бағыттап, мемлекетіміздің азаматтарының құқықтарын қорғау жолында еңбек етіп төккен теріңіз аз емес!
Біз сізді адамгершілігі мол, қарапайым, өзінің лауазымдық міндеттеріне үлкен жауапкершілікпен қарайтын азамат ретінде білеміз және өз жұмысының шебері ретінде құрметтеп бағалаймыз.
Сіздің еңбек құмарлығыңыз, жауапкершілігіңіз, әріптестерге деген сый құрметіңіз бәрімізге үлгіілі, өнегеге толы шежіре. Бойыңыздағы еңбекке адал, мақсатқа берік қаситтерініздің арқасында, бүгінгідей мерейлі сәтте Сізге ақ ниетпен мықты денсаулық қажымас күш — қайрат, ортаймас нәсіп-дәулет тілейміз. Болашақта толағай табыстарға, мақсатта биік шындарға жете берініз, абырой — беделіңіз бен табыс-тартуларыныз арта берсін.
Сізге және Сіздің отбасынызға атқан әрбір таң тек қуаныш пен шаттық сыйласын, шаңырағыңызға ырыс пен бақ-береке қонсын, абырой беделініз жоғары болуына шынайы тілегімізді білдіреміз. Зор денсаулық, амандық, отбасының бақыты мен берекесі, әулетіңіздің ұлағатты әкесі болып, аман — есен жүре беріңіз. Әрдайым жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын!
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Алдыңғы жаңалық
Келесі жаңалық