Алғыс айту күні аталып өтілді — "Munaranews"
A place where you need to follow for what happening in world cup

Алғыс айту күні аталып өтілді

Елімізде 1 наурыз — «Алғыс айту күні» болып 2016 жылдан бастап атап өтілуде. 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде «Алғыс айту күні» деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойған болатын. Алғыс айту күнін мерекелеудің жаңа дәстүрі «Мәңгілік Ел» бірлігін ортақ тарих және тарихи сана негізінде нығайту мен дамытудың мән-мәтінінде қазақстандық құндылықтарды бейнелейді.
Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.Алғыс айту күні – күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың алғыс айту күнін мерекелеуге Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №67 мекемесінде ұсталатын сотталған азаматтар арасында көктемнің бірінші күнімен тұспа-тұс келетін *Алғыс айту — көркем мінез* тақырыбында айрықша акция өткізілді! Акция аясында жазасын өтеушілер түзелу жолында барынша қолдау білдіріп, қоғамға қайта бейімделуге барынша жәрдемдесіп жүрген мекеме басшылығы мен қызметкерлеріне алғыс тілектерін айтты.

№67мекемесінің инспектор психологы
әділет аға лейтенанты
А.Е.Аташева

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.