Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №67 мекемесі жеке құрамының қатары жас қызметкерлермен толықты. Атап айтқанда Департамент тарапынан жарияланған конкурска барлығы 35 үміткер ниет білдірді. Аймақтық әскери дәрігерлік комиссиядан жарамды деп танылған, нормативті тапсырып конурспен барлығы — 26 азамат жұмыспен қамтылды. Департамент басшылығы және мекеме бастығы әділет подполковнигі Н.Н. Даулетханов кадрларды жабдықтау бойынша сұраққа аса қатты мән береді. Жаңа тағайындалған қызметкерлермен сұхбат жүргізіп
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы “еліміздің ең басты құндылығы – адам. Біз еліміздің ынтымағы мен берекелі бірлігін қорғау жолында өзара ынтымақта болуымыз керек” — деп атап айтып, жас қызметкерлерді ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында бастапқы дайындықтан өту барсында бір ұжым болып оқуды сәтті аяқтап, құқық қорғау орган қызметкері бола «Біздің негізгі мақсатымыз – заңды қатаң сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету. Біз мәдениетті, білімді, ғылымды дамыту арқылы қазіргі ашық әлемнің бір бөлшегі болуға ұмтылуымыз керек», — деген мемлекет басшысының сөзін айтып сәт-сапар тілеп жиынды аяқтады.

