Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №67 мекемесінің жеке құрам қызметкерлеріне Отанға деген сүйіспеншілігі мен құрметін, қоғам мен мемлекет алдындағы патриоттық сананы түсінетін ҚАЖ органдарының қызметкерлерін тәрбиелеу болып табылады-деді әділет майоры Ербол Шакизатұлы.
Бүгінгі күн тәртібінде мекеме бастығымен бекітілген жоспарға сай «Қазақстандықтардың Жеңіске қосқан үлесі: Рақымжан Қошқарбаев» тақырыбы қарастырылды, Баяндамашы Ербол Шакизатұлы «Рақымжан Қошқарбаев Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен жалғыз қазақ. Тарихи ерлігін небәрі 21 жасында жасаған батырдың дүниеге келгеніне биыл 100 жыл толып отыр, 1945 жылы 16 сәуірде Рақымжан Қошқарбаев бас болған шабуылдаушы взвод Одер өзенінің батыс жағалауындағы Гроенойндорф елді мекеніндегі жаудың бетін қайтарады. Осы судан ары кеңес әскерін өткізбей, немістер тоқтаусыз оқ жаудырып тұрған. Атылған оқтың астымен жорғалаған Қошқарбаев взводы немістердің тұрағының үстінен түсіп, бетпе-бет соғысады. 40 немісті қырып, үлкен калибрлі 3 пулеметті қолға түсіреді. Қызыл әскер ары қарай жылжиды. 1945 жылдың 29 сәуірінде Шпре өзені маңында қанды қырғын болады. Тағы да жауға Рақымжан Қошқарбаевтың взводы тойтарыс береді.Соғыстан кейінгі жылдары Рақымжан Қошқарбаев Эльба бойындағы кеңестік оккупациялық әскер бөлімінде қызмет атқарды. 1947-67 жылдары Қошқарбаев Ақмола облыстық атқару комитетінде нұсқаушы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы қоныс аударушылар жөніндегі бас басқармада инспектор, 1967 жылдан бастап «Алматы» қонақ үйінің директоры болып жұмыс істеді. Рақымжан Қошқарбаев Қызыл Ту, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған. Тәуелсіздік алғаннан кейін, 1999 жылы мамырдың 7-сінде Н. Назарбаевтың Жарлығы бойынша Рақымжан Қошқарбаевқа «Халық Қаһарманы» атағы беріледі.
Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаев 1988 жылы 10 тамызда Алматы қаласында қайтыс болды.
Рейхстагты алуда көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Рақымжан Қошқарбаевқа Астана қаласында ескерткіш орнатылды. Баяндама аяғында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж.Тоқаевтың атап өткендей «Қазақстандықтардың жеңіске қосқан үлесі айқын көрінеді. Армияны қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарды деп айтуға болады. 10 оқтың 9-ы қазақстандық қорғасыннан жасалған болатын. Майданға 1500 вагон киім мен азық-түлік жіберілді. Басқаша айтқанда, біздің Жеңіске жетудегі үлесіміз айқын болды»- деп идеологиялық сағат аяқталды.

