Ағымдағы жылдың 6 маусымында Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен Жамбыл облысы бойынша заң консультанттары палатасы арасында Жамбыл облысы бойынша Қоғамдық бақылау комиссиясының (ҚБК) қатысуымен өзара ынтымақтастық және білікті заң көмегін көрсету туралы меморандум жасалды. Облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мекемелерінде ұсталынып отырган тұлғаларға білікті заң көмегін көрсету үшін қол қойылды.
Бұл айтулы шара облыстық түзеу мекемелері департаментінің ведомстволық бағынысты мекемелерінде сот актілері негізінде ұсталатын тұлғалардың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру және құқықтық қамтамасыз ету, олардың білікті заң көмегіне қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында өткізілді. Қазақстан Республикасында осындай бірінші болып табылатын құқықтық институттарға деген сенімді нығайту.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Алдыңғы жаңалық