A place where you need to follow for what happening in world cup

Зульфия Габидуллина праймериз қатысушыларына дауыс берді

355

Рио-де-Жанейро қаласында өткен Паралимпиада ойындарының жеңімпазы, «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі Зульфия Габидуллина өз үйінде компьютер арқылы «Primaries.kz» ақпараттық жүйесіне кіріп, дауыс берді.
-«Nur Otan» партиясының праймеризі жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылды. Мен әлеуметтік желі арқылы үміткерлердің сайлауалды бағдарламаларымен жан-жақты таныстым. Олардың ішінде өзім бұрыннан білетін азаматтар да аз емес. Сонымен қатар ішкіпартиялық іріктеу жаңа есімдердің танылуына мүмкіндік жасады деп ойлаймын. Қаншама жастың талабы мен талпынысына қарап сүйсіндім. Өз басым осындай лайықты тұлғаларды қолдау керек деп есептеймін.
Карантин уақытында адамдардың өмірі мен қауіпсіздігі өте маңызды. Біз праймериз деп сақтық шараларын да естен шығармауымыз керек. Осы орайда онлайн дауыс берудің тиімділігі мол деп білемін. Барша үміткерлерге сәттілік тілеймін,-дейді Зульфия Габидуллина.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.