A place where you need to follow for what happening in world cup

Жеңіс күні құтты болсын!

22 439

Құрметті соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!
Қадірлі жерлестер, сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Біз жылдар өткен сайын әкелеріміз бен аталарымыздың өшпес ерлігін терең түйсініп келеміз. Олар 1945 жылдың жеңісті мамыр айын жақындатуға барын салды.

Шу елінен майданға шамамен 11 мың азамат аттанған. Солардың ішінде ерекше ерлігімен аты аталған жерлестеріміз Саттар Естемесов пен Сәду Шәкіров Кеңес Одағының батыры атанса, Михаил Перепелов жауынгерлік «Даңқ» орденінің иегері болды.

Береке-бірліктің алапат күші тек ұрыс даласында ғана көрініс берген жоқ, сондай-ақ тыл еңбеккерлері де Жеңіс үшін ерлікке пара-пар істер атқарды.

Ардақты әкелеріміз бен аталарымыз өткен жол айбындылық пен елімжандылықтың жарқын көрінісі.

Отанымыздың бірлігі мәңгілік болсын!

Шу ауданы әкімінің фейсбук парақшасынан

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.