A place where you need to follow for what happening in world cup

Жазасын өтеушілерге тұмауға қарсы екпе салынды

231

Күз бен қыс айларында өршитін тыныс алу органдары ауруларының алдын алу, сотталғандардың арасында аталған аурудың жаппай таралмауы мақсатында Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінде жазаларын өтеп жатқан азаматтарға тұмауға қарсы екпе салынды.

Мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Бақытжан Қасымбеков және медициналық бөлімнің бастығы, әділет майоры Гүлшат Медетбекованың ұйымдастыруымен жоспар бойынша жүргізілген шара барысында 150 сотталғанға екпе жасалды. Бұл жалпы жазасын өтеушілердің 20 пайызын құрайды.

Тұмауға қарсы «Гриппол плюс» вакцинасы Тараз қалалық №4 емханасынан алынды. Екпені мекеме медицина бөлімінің қызметкерлері жүргізді. Әуелі мамандар жазасын өтеушілерде тыныс жолдары аурулары белгілерінің бар-жоғын тексеріп, дене қызуларын өлшеді.

Түзеу мекемесіндегі азаматтардың иммунитетін көтерудің маңызы зор екені белгілі. Бұл орайда мекемеде бұл жағдай үнемі назарда ұсталады. Сондай-ақ, ЖРВИ-ға қарсы вакциналау жұмыстары әрі қарай жалғасуда.

– Екпе салу кезінде ағзаға инфекциялық агенттің бөлшегі енгізіледі. Вакцинадағы инфекциялық агент ауру тудырмайды, бірақ ағзаның ауруға қарсы антидене өндіруіне жағдай жасайды, – дейді Гүлшат Жолынбекқызы.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.